КГУ «Арықбалық орта мектебінде» мектеп медбикесі Лощинина Е.С. «Жеке гигиена және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау» тақырыбында әңгіме өткізді.
Әңгіме барысында оқушылар жеке бас гигиенасын сақтаудың, күнделікті күтім жасаудың және тазалықты ұстанудың маңыздылығы туралы білді. Аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және пайдалы әдеттерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.





