КММ «Арықбалық орта мектебінде» 7-сынып оқушылары үшін «Закладчики. Мать» атты деректі фильм көрсетілді.
Фильм оқушыларға ерекше әсер қалдырып, дұрыс емес таңдау жасаудың салдары, өмір мен отбасының құндылығы туралы ойлануға мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің болашағына саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.





