«Заң және тәртіп» құндылықтарын ілгерілету мақсатында КММ «Арыкбалык орта мектебінде» білім алушылар арасында «Не книжные закладки» және «Хулиганка» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және оқушылардың өз әрекеттеріне саналы көзқарасын дамытуға бағытталды. Көрсетілім барысында білім алушылар құқыққа қайшы мінез-құлықтың салдарын көрсететін өмірлік жағдайлармен танысып, сондай-ақ қоршаған ортаның адамның өмірлік таңдауына әсерін түсінді.
Фильмдерден кейін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты. Сонымен қатар олар тәртіп нормаларын сақтаудың маңыздылығы, өз әрекеттері үшін жауапкершілік, заңға бағыну және қауіпсіз өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы қорытынды жасады.





