Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылдың 1 тамызынан бастап жыл сайынғы "Мектепке жол"республикалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Биылғы жылы қайырымдылық акциясына ерекше назар аударылып, биылғы жылы акция "Жақсылық жаса"ұранымен өткізілуде.
Облыстың білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың мәліметтер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін "жедел желілер", "сенім" телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Демеушілерге, әлеуметтік әріптестерге, мемлекеттік құрылымдарға, бей-жай қарамайтын азаматтарға қайырымдылық көмек көрсетуге қатысуға өтініш білдіреміз.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетіндер тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.
"Сенім телефондары" "Мектепке жол" акциясын өткізу кезінде:
Айыртау ауданының білім бөлімі 87153327156
"Арықбалық орта мектебі" КММ 87153341180