Буллингтің алдын алу: ата-аналарға арналған жадынамалар
«Арықбалық орта мектебі» КММ-де кәмелетке толмағандар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында ата-аналар чаттарына ақпараттық жадынамалар жіберілді.
Материалдарда ата-аналарға буллингтің ықтимал белгілерін анықтау, балаға қажетті психологиялық қолдау көрсету және осындай жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет ету бойынша ұсыныстар берілген.
Отбасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығына, сынып жетекшісіне, мектеп психологына және мектеп әкімшілігіне уақтылы жүгінуге ерекше назар аударылды.
Ақпараттық жұмыстың мақсаты — ата-аналардың буллинг мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, әрбір бала үшін қауіпсіз, мейірімді және психологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруда отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын нығайту.
Жаңалықтар
Буллингтің алдын алу: ата-аналарға арналған жадынамалар
Қаралды: 24





