1 қыркүйек күні КММ «Арықбалық орта мектебінде» «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында Бірыңғай сынып сағаты өтті.
Бірыңғай сынып сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға білім алу, адал еңбек ету, заңға бағыну, заң талаптарын мүлтіксіз орындау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белсенді азаматтық ұстаным Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен әрбір азаматтың әл-ауқатының негізі болып табылатынын түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заңдарды сақтаудың маңыздылығы, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және айналасындағыларға құрмет көрсету туралы пікір алмасты.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриоттық сезімін және өз міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.





