КММ "Арықбалық орта мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Ашық терезе — бала үшін қауіпті!

Ашық терезе — бала үшін қауіпті!

29 қыркүйек күні «Арықбалық орта мектебі» КММ-де балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар мен ата-аналарға балалардың үйдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды. Түсіндіру жұмыстары барысында терезе маңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, терезе алдына ойнауға жол бермеу, терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектегіштер орнату, сондай-ақ ересектер тарапынан балаларды үнемі бақылау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Іс-шара жазатайым оқиғалардың алдын алуға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Записаться на прием