2026–2027 оқу жылындағы білім алушылардың сыртқы келбеті
Бірыңғай іскерлік стильді сақтау, білім алушылардың сыртқы келбет мәдениетін қалыптастыру және ұқыпты көрінісін қамтамасыз ету мақсатында 2026–2027 оқу жылында төмендегідей талаптар белгіленеді:
👧 Қыздар
- қара немесе көк түсті классикалық шалбар, сарафан немесе белдемше;
- белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден артық жоғары немесе төмен болмауы тиіс;
- ақ түсті блузка немесе жейде — салтанатты нұсқа, көгілдір түсті — күнделікті нұсқа;
- суық мезгілде — қара немесе көк түсті пиджак немесе джемпер;
- тырнақтар ұқыпты, ұзындығы 3 мм-ден аспауы тиіс, жабындысы нюд түсті болуы қажет;
- шаш жинақы түрде жиналған болуы тиіс; шашты бояуға жол берілмейді.
👦 Ұлдар
- қара немесе көк түсті классикалық шалбар;
- ақ түсті жейде — салтанатты нұсқа, көгілдір түсті — күнделікті нұсқа;
- суық мезгілде — қара немесе көк түсті пиджак немесе джемпер.
🏃 Спорттық киім
Дене шынықтыру сабақтарына білім алушыларға:
- спорттық костюм;
- ақ түсті футболка;
- спорттық аяқ киім (кроссовка) қажет.
🇰🇿 Дүйсенбі — Ұлттық киім күні
Әр дүйсенбі күні мектепте Ұлттық киім күні өткізіледі.
Бұл күні білім алушыларға ұлттық жилет (камзол) кию ұсынылады.





