17 маусым күні мектепте 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Мерекелік шара барысында түлектерді мектеп директоры И.А. Дегтярёва, алғашқы ұстаздары мен ата-аналары құттықтап, оларға жарқын болашақ, алға қойған мақсаттарына жету және жаңа жетістіктер тіледі.
Мектеп мақтанышына айналған түлектер — «Алтын белгі» иегерлері Виктор Готвиг пен Юлия Шлема. Ал Данила Алексеенко мен Георгий Аманатов үздік аттестатқа ие болды. Салтанатты іс-шара түлектер, ұстаздар және ата-аналар үшін есте қаларлық жарқын мерекеге айналды.





